Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қақты

Фото: Pixabay

Бұл оқиға сенбі күні қала орталығында жолаушылар пойызының оны қағып өткен кезде орын алды. Жігіттің қабырғасы сынып, мидың шайқалуы орын алған. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дәрігерлер 23 жастағы жігіттің оң аяғын ампутациялауға мәжбүр болды.

«Ауруханаға түскен кезде бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Шокқа қарсы терапия жүргізіліп, ота жасалды. Оң жақ аяғының ортаңғы үштен бір бөлігіне ампутация жасалды, ал сол жақ санының жұмсақ тіндерінің жарасына бірінші хирургиялық өңдеу іске асырылды», – деді Семей жедел медициналық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дарын Бақтыбаев.