Фото: Sports.kz
Александрдың 1/8 финалдағы қарсыласы бүгін анықталады.
Әлемнің 19-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Вена қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирін сәтті бастады. Алғашқы айналымда ол чилилік спортшы Алехандро Табилоны 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу бір сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2,7 миллион еуро. Бублик жоғары деңгейдегі ойын көрсетті, тоғыз эйс жасап, жеті брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.
Венадағы турнир жыл сайын әлемнің ең мықты теннисшілерінің басын қосады. Биыл жарысқа Даниил Медведев, Янник Синнер, Стефанос Циципас, Андрей Рублёв, Бен Шелтон және Гаэль Монфис сияқты жұлдыздар қатысуда.
Александр Бублик үшін Венадағы сәтті бастама үлкен мүмкіндікке жол ашты. Табилоға қарсы жеңісі оны келесі айналымға жолдама алды, онда ол Франсиско Черундоло (Аргентина) мен Алекс Микелсен (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен ширек финалға шығу үшін бақ сынайды.