Синоптиктер Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 20 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі бар. Жезқазған қаласында 20 қазанда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 20 қазанда соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 20 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. 20-22 қазанда облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында 20-22 қазанда төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 20 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с болуы мүмкін. Оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15 м/с болуы мүмкін. Оңтүстігінде және шығысында жоғары, батысында, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.