«Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып»: Сәкен Майғазиевтің құдағиы ренішін жеткізді

Фото: видеодан скрин

Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бейнежазбада жаңа түскен жас келіннің ата-анасы алдынан шыққан сәті көрсетілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:

 

«Ұстайтын жері қалмапты ғой…» — деп айтады.

 

Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен:

 

«Салмақ қостыра алмай жүрміз…» — деп жауап береді.

 

Видео авторы да оқиғаның астарына әзіл қыстырып:

 

«Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – айта салады,» — деп жазған.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір қалдырды:

«Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып…»,

«Жас қой, семіреді уақыт өте келе»,

«Атасының жауабы қандай орынды болған…» – деп жазды олар.