Фото: instagramm.com/erkeesmaxan
Ерке Есмахан мен Raim-ның шаңырақ көтергендеріне биыл үш жыл толды. Осыған орай Ерке Есмахан отбасылық өмірінен сыр шертіп, фотолар жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әнші отбасылық суреттерін жариялап, оқырмандарына алғыс айтты.
«Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етуде. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым», — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.