Фото: Pixabay
16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ толассыз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмыстар тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік беретінін ескере отырып, сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі.