Фото: Pixabay
Қазақстан биыл Charities Aid Foundation (CAF) ұйымының World Giving Report 2025 рейтингінде 30-орынға тұрақтады.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, қазақстандықтар табысының орта есеппен 1,2 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл көрсеткіш АҚШ, Ұлыбритания және Германия сияқты дамыған елдерден жоғары.
Рейтинг көшін Нигерия, Египет, Гана, Уганда және Қытай елдері бастады. Сарапшылардың айтуынша, табысы төмен мемлекеттерде жомарттық деңгейі әдетте жоғарырақ болады.
CAF есебі бойынша, әлем халқының 64 пайызы белгілі бір түрде қайырымдылыққа қатысады – ақша аудару, еріктілік не діни ұйымдарды қолдау арқылы.