Тоғыз ер адам 18 жастағы студентті өлімші етіп сабаған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Алматыда 18 жастағы студентті тоғыз ер адам жабылып соққыға жыққан. Анасының айтуынша, сол түні ұлы достарымен бірге кафеде болған. Жастар сыртқа шыққан сәтте Арман есімді жігітке бір бойжеткен жүгіріп келіп, көмек сұраған. Алайда ол жауап беріп үлгерместен, белгісіз ер адам басынан ұрып, жерге құлатқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Салдарынан студент есінен танып, тротуарға құлаған. Дәрігерлер оның бірнеше сүйегі сынғанын және бас-ми жарақатын алғанын мәлімдеді.

Полиция тоғыз күдіктінің жеке тұлғасын анықтап, оларды ұстады. Қазір іс «Денсаулыққа қасақана орта дәрежеде зиян келтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр.