Фото: видеодан скрин
Актриса Гүлбаушан Тілеубекова күйеуімен ажырасу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол “Алғашқы” бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
”Мықты жігіт, зергер. Олар Шымкенттен болғандықтан салт-дәстүрлері өзгеше. Біз аз тұрдық. Қызым кішкентай болған кезде ажырастық. Енем маған «сен әртіс болма, мұғалім бол» деді. «Әке-шешем 7 жыл оқытты, қалай боламын? Мен сахнаға шығуым керек» дедім. Енем «сен шықпа, болмайды» деді. Ол кісі де өнер адамы, мені түсінуі керек. Былайша айтқанда, енем бізді ажыратты”, — деді актриса.