Фото: видеодан скрин
Қазақстандағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан кейбір сотталғандар ішкі тәртіпке бағынғысы келмейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков мәлімдеді.
«Кейде сотталғандар “еркін жүргім келеді, емін-еркін сөйлескім келеді, маған бостандық беріңдер” деп мекеменің ішкі тәртібімен келіспейтін жағдайлар кездеседі. Ондай факті анықталса, біз міндетті түрде тексеру жүргізіп, тиісті шара қабылдаймыз», – деді ол.
Министр орынбасарының айтуынша, үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталғандар жазасын өтеу үшін тиісті мекемелерге жеткізіледі. Сол жерде олардың еңбек етуге қабілеті тексеріліп, тігіншілік секілді жұмыстарға тартылатыны анықталады. Қайырбеков мекеме ішіндегі тәртіп барлығына ортақ екенін және оны бұзғандарға қатысты заң аясында шара қолданылатынын айтты.