Фото: видеодан скрин
Әнші Нұрлан Өнербаев KeshRec бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өнердегі кемшілігін айтты.
«Бірде бір әніме клип түсірмеппін. Клипсіз-ақ әндерім халыққа жеткеннен кейін қажет деп санамаппын. Жарнамада клиптің көмегі өте көп. Бұл менің өнердегі кемшілігім болды», — деді әнші.
Желі қолданушылары Нұрлан Өнербаевтың әдемі дауысы туралы жазып, әншіге қолдау көрсетті.
«Ағамыздың дауысының өзі неге тұрады», «Нұрлан ағамыз клипсіз-ақ танымал», «Ағамыз қартайыпты», «Жас кезі мен қазіргі кезін көріп жылап қалдым», «Осы кісіні керемет құрметтеймін», «Керемет әнші бала кезімізде тыңдап өстік», деді олар.
