Шетелге кетеді: Дастан Сәтпаевтің денсаулығына байланысты шұғыл ақпарат шықты

Фото: ФК «Қайрат»

«Қайрат» командасының футболшысы Дастан Сәтпаев Қатарға қосымша қаралуға аттанады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

— Бүгін түнде ол дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады, — деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, осындай себептерге байланысты ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы ойындардан жарақатына байланысты шет қалды.