Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.

Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.