«Нағыз мәрт жігіт»: Елдос Сметов ағасына қымбат көлік тарту етті (ВИДЕО)

Дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов туған ағасына қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Спортшы бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Желі қолданушылары қуанышқа ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

 

«Біздің балаларға да осындай бауырмал болуды нәсіп етсін», «Көлік құтты болсын, тек жақсы күндерде айдасын жолда қалдырмайтын көлік болсын», «Елдос мәрт жігіт қой, қанша машина келгенде барлығын тарқатып жібердіғой», — деп жазды оқырмандар.