Фото: Pixabay
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балаға жәбір көрсетті деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полиция.
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алған.