Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Үндістанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден еркін бағдарламаның аралас жұптық сынында финалдық бәсекелері өтті. Қазақстан намысын Виктор Друзин мен Наргиза Болатова қорғады. Отандастарымыз 241.4613 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
-
- Кантинин Адисайсирибутр, Супитчая Сонгпан — 257.6872
-
- Кайцзе Вэн, Сужуй Ян — 242.4933
-
- Виктор Друзин, Наргиза Болатова — 241.4613