Тоқаев Ильхам Әлиевтің шақыруымен келесі аптада Әзербайжанға барады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев 6-7 қазан күндері Әзербайжанға сапармен барады, делінген хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады», — делінген хабарламада.