Кеше бүкіл әлем Қайрат пен «Реалдың» ойынын тамашалады. Шерхан Қалмұрза мен Дастан Сәтпаевқа сүйсінбеген адам жоқ. Енді сондай батыр ұлдарды тәрбиелеген аналарымен таныс болыңыздар, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Мадина Сатпаева — Дастан Сәтпаевтың анасы. Әлеуметтік желіде өзін мүлдем жария етпеуге тырысады. Ұлы секілді белсенді өмір салтын ұстанатын, иога, сопртқа баратын керемет ана. Дастанның бойындағы футболға деген құлшынысты атасы байқапты. Бірақ сол ұшқыннан алау тұтатқан анасы. Дастанның анасы ұлының доптың артынан кетпей, білімге құлшынысын да жоғалтпаған. «Спорт жеңіс әкеледі, бірақ білім болашаққа жол ашады», деген ұранда.
«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Жас спортшының дебюті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, оған қолдау көрсеткендердің бірі – туған анасы Сәуле Рабаева болды.
Ойыннан кейін әлеуметтік желіде ұлына арнаған жазбасында Сәуле Рабаева былай деді:
«Сен – ең үздіксің, ұлым! Сен – менің мақтанышымсың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен үшін сен ең мықтысың. Жүрегім, алда сені үлкен биіктер күтіп тұр. Берілме. Әрқашан жаныңдамын. Саған сенемін. Әрқашан сеніп келемін».
Бұл сөздер жас қақпашыны қолдаған мыңдаған жанкүйердің жүрегінен орын алып, әлеуметтік желілерде кең тарады.