Алматы облысында екінші АЭС салынбақ: МАГАТЭ келісімін берді, енді халықтың пікірі тыңдалады

Атомдық энергия агенттігінің төрағасы Жанат Сәтқалиевтің айтуынша, Жамбыл ауданында жаңа атом электр станциясының құрылысы жоспарланып отыр. Бұл бастамаға МАГАТЭ өз келісімін берген. Ендігі қадам – Абай облысында қоғамдық тыңдау өткізу.

Жобаға қатысты пікірталас алдағы уақытта күшейе түспек. Себебі АЭС мәселесі қашанда қоғамда қызу талқылауға себеп болады.