Фото: x.com/realmadrid
«Қайратты» 5:0 есебімен ойсыратқаннан кейін Хаби Алонсоға Мбаппенің даусымен сөйлейтін балық сыйлады деп хабарлайды Qazaq.today.
Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» — «Реал Мадрид» (0:5) матчынан кейін баспасөз мәслихатында қызықты жағдай орын алды.
«Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсоға ойыншық балық сыйлады. Батырманы басқанда ойыншық Килиан Мбаппенің даусымен испан тілінде:
«Uno, dos, tres, ¡Hala Madrid!» («Бір, екі, үш, алға, Мадрид!») — деп шырылдап қоя берді.
Күтпеген сәтке күлкіге көмілген залды клубтың баспасөз қызметкері тез тыныштандырып, ойыншықты үстелден алып тастады.
Алдағы матчтар:
-
21 қазан — «Қайрат» өз алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі
-
22 қазан — *«Реал Мадрид» туриндік «Ювентусты» қабылдайды