Фото: видеодан скрин
Алматылық «Қайраттың» жанкүйері көлігін билетке айырбастағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жанкүйердің айтуынша, билет құны 1 миллион болған.
«Билет алып үлгермедім. Артынан басқалардан сатып алуға тура келді. Билет үшін 1 миллион теңге сұрады. Ондай ақшам болмағандықтан көлігімді айырбастайын дедім. BMW машинамды беріп орнына билет алдым. Өкініш бар, ішім ашып тұр», — деді ол.
Желі қолданушылары Жанкүйердің бұл әрекетін сынап түрлі пікір жазды.
«Қате ғой», «Топас», «Обалың жоқ», «Футбол түсінбейтіндер осындай болады», деп жарыса пікір жазды.