«Мбаппе футболкасын сыйға тартты»: Реал ойыншылары ерекше баланың арманын орындады (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

«Реал» футболшылары «Қайратпен» матч алдында қазақстандық ерекше бала Санжардың арманын орындады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада испандық алпауыттың жұлдызды ойыншылары ойын алдындағы жаттығу кезінде Санжарды жан-жағынан қолдап, ерекше көңіл бөлгені көрсетілген.

Футболшылар, өздерінің бапкері Хаби Алонсоның бастауымен, Санжармен суретке түсіп, оған қолтаңбаларын қалдырды.