«Құдайдың құдіреті шексіз»: Белгілі әнші 12 жылдан кейін сәбилі болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретов желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол 12 жылдан кейін сәбилі болғанын жасырмады.

«Ардақты ағайын, құрметті қазақ елі, сүйінші! 12 жылда Аллахым қыз нәсіп етті! Құдайдың құдіреті шексіз», деді ол.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, түрлі пікір жазды.

«Мә, денем тітіркеніп кетті ғой, Роланға тілекші едім», «Алла ұлық! Бауы берік болып, артынан ерсін!», «Бауы берік болсын! Анасының дені сау болсын», деп жазды олар. 

Пікір қалдырушылардың қатарында танымал өнер жұлдыздары да бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ROLAN KAZRETOV (@rolankazretov)