Фото: trthaber.com
Нью-Йорк полициясы VIP кортежді өткізу үшін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен оның делегациясын тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Deutsche Welle-дің түрік қызметі хабарлады.
БҰҰ Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келген Ердоған күзетшілердің қоршауында көшеден өтпек болған кезде тоқтатылды. Осы кезде АҚШ президентіне тиесілі болуы мүмкін VIP кортеж өтіп бара жатқан. Түрік көшбасшысының командасы темір тосқауылдарды алып тастауға әрекеттенген кезде олар мен полиция арасында шағын қақтығыс болған. Түркия президентіне ақыры кортеждің өтіп кетуін күтуге тура келді.