Ақтөбелік тұрғын TikTok арқылы табыс табамын деп 2 миллион теңгесінен айырылды

Фото: ТАСС

Telegram мессенджерінде ол TikTok-та видеоларды қарап және лайк қойғаны үшін әр скриншотқа 300-800 теңге табамын деп алданған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

– Жылдам табыс уәдесіне сенген ер адам бейтаныс біреудің нұсқауы бойынша белгісіз сайтқа тіркеліп, ұсыныстарын қабылдаған. Алаяқтар салынған қаражат 30% пайда әкеледі деп сендірген. Ер адам көрсетілген банктік шоттарға «фильм сатып алу» үшін ақша аударған. Алаяқтар оның сенімін пайдаланып, 2 миллион теңгені иеленген, – деп жазылған Ақтөбе облысының ПД хабарламасында.

Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.