«Бала-шағасы бар еркекте не жұмысым бар?»: Алау Нұртас өзін айыптағандардың алдында жылап қалды

Фото: Instagram/kaalau__

 

Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Нұртас тағы да желіні шулатып, көпшілік назарын өзіне аудартты.

TikTok желісінде тараған видеодан Алау Нұртастың оқырмандары алдында жылап сөйлеп отырғанын байқауға болады.

«Маған, кішкентай қызға қайдағы бір педофилмен, 3-4 баласы мен әйелі бар еркекпен бірге жүргеннен басқа істейтін іс жоқ па? Мені солай жүретіндей ақылсыз, тәрбиесіз көресіздер ме? Тамаша, рақмет!», — деді ол көз жасын сүртіп.

Видео астына жазылған пікірлерге сүйенсек, Алау Нұртастан өзінен бірнеше жас үлкен блогер Қолғанат Жұмабаев интервью алған. Аталмыш сұхбаттан кейін көпшілік Қайраттың қызын кінәлай жөнелген.

«Сол үшін тыныш жүр», «Сабағыңды оқып, оқушылар сияқты жүр», «Жаным, жылама», «Кішкентай қызда нелерің бар?», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

Айта кетейік, блогер Қолғанат Жұмабаетың экс-әйелі педофил деп айыптаған еді.

@kazax_fan_♬ оригинальный звук — Алматинские подростки-