Үнзила Шапақ: «Мемлекет басшысы мәселелерге жүйелі шешім табуды айтты»

Фото: Депутаттың жеке парақшасынан
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ Мемлекет басшысының БҰҰ мінберінде айтқан сөзіне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас Ассамблеясы мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты салмақты пікірін жеткізді.

Әлемдік деңгейде тамырын тереңге жайған біршама дағдарыстарға тоқталды: сенім дағдарысы; халықаралық құқықтың іске асуындағы дағдарыс; климаттың өзгеруі, технологиялық даму жылдамдығы.

Мемлекет басшысы жоғарыдағы әр құбылысты жеке жеке дағдарыс сынды емес біртұтас кешенді сын-қатер ретінде қарастыруды, соған жүйелі шешім табуды айтты» дейді депутат.