Жамбыл облысы ПД бастығы Бақытжан Малыбаев қызметінен кетті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Сәденовтің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Асембекұлы Малыбаев қызметінен босатылды.

Министрліктің ресми құжатында көрсетілгендей, Бақытжан Малыбаев өзінің өтінішіне сәйкес 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап зейнеткерлікке шықты.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі ұсынысы негізінде қабылданған.

Малыбаев Жамбыл облысы полиция департаментін басқарып келген болатын. Оның орнына әзірге жаңа басшы тағайындалғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.