Өскеменде үй басқармасының салақтығынан бүкіл бір көше сусыз қалды

Сурет: Видеодан кадр

Өскеменде Тоқтаров көшесіндегі 99-үйдің тұрғындары тағы да ауызсусыз отыр. Түнде жертөледегі құбыр жарылып, бүкіл үйге су тоқтап қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай жыл сайын қайталанып келеді. Дәл сол құбыр өткен жылы да бірнеше рет жарылған. Жөндеп қойғанымен, қайтадан шығып жатыр.

«Біз ай сайын ақша төлеп отырған үй басқармасы жұмыс істемейді. Құбырлар салақтап ілініп тұр, мүлде бекітілмеген. Слесарьлары мен төрағасы “демалыстамыз” деп әлі келмейді. Халық тәулік бойы сусыз қалды», – дейді ашынған тұрғындар.

Адамдар «ертеге істейміз» деген құрғақ уәдеден шаршаған. Су әкеліп беру де ұйымдастырылмаған.

Сонымен қатар, жұрт арасында «үй басқармасының жұмысшылары жұмыс уақытында жеке табыс тауып, ақшасын төрағамен бөліседі» деген күдік бар.

Қазір тұрғындар қала әкімдігі мен коммуналдық бөлімге ресми түрде үндеу жасап, тексеру жүргізуді талап етіп отыр.