«Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?»: Нұрлан имамның қоныс тойдағы әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған Нұрлан имам журналист Динара Сәтжанның қоныс тойында төбе көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол қадірлі қонақтардың арасынан табылып, төрге шыққан. Алайда Жұмабек Жанықұлов емес, керісінше Нұрлан имам оған құрмет көрсетіп, шапан жапқан.

Кәсіпкер бұл сәтті өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Жұмабектің имамы. Жұрттар Имамдарға шапан жапса, менің Имамым маған шапан жапты», — деп жазды Жұмабек Жанықұлов.

Алайда желі қолданушыларына имамның бұл әрекеті ұнамай қалған.

«Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?», «Нұрлан имам да біледі кімге жабу керегін», «Неменеге жауып жатыр?», «Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам», «Жеке имамы несі?», — деп жазды.