Астанада үйінде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

Елордада прокуратураның үйлестіруімен өткізіліп жатқан есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылға бағытталған 30 күндік кешенді шаралар жалғасып жатыр. Оның аясында полицейлер екі заңсыз есірткі айналымы фактісін әшкереледі.

Алғашқы жағдайда 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол есірткі таратумен қатар, үйінде заңсыз өсірумен де айналысқан. Жедел іс-шаралар барысында оның жеке үйінің бір бөлмесінде марихуана өсіруге арналған шағын жылыжай жабдықталғаны анықталды.

Тексеру кезінде полиция 15 түп есірткі өсімдігін, сондай-ақ арнайы шамдар, желдеткіш және температураны ұстап тұратын құрылғыларды тәркіледі.