Блогер, актриса, дизайнер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде «Адамс отбасы» стилінде отбасылық фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алайда ерекше фотолар көпшіліктің пікірін екіге бөлді. Тіпті кейбірі фотоның мағынасын түсінбей дал болды.
«Біртүрлілер — біртүрліні көреді, Ерекшелер — ерекшлікті көреді!», «Мағынасы: Айжұлдыз Ағаш тамырын кеңінен жайып тұрған. Қорытындылап айтқанда, бір әулетке түскен келінді тек атқаратын фунцияларына қарамай , болашақ ұрпақ жалғастыратын Немеремнің анасы деп құрметтеп сыйлау деген фото көріп тұрмын. Болашақта немерелерім білімді, болашағы жарық, ақылды, саналы болсын оқыған, тоқыған болсын десеңіздер Келінді құрметтеп, дамып, оқушыға кедергі болмаңыздар. Келінге бір тұлға деп қараңыздар», «Басқаша дүние жасайды да жүреді Айжұлдыз, ерекше, ұқсамайтын , қайталанбайтын», деп жазды көпшілік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram