«Тоқал алыңдар дейді ұстаздарымыз»: Роза коуч тоқал алуға үгіттеген имамдардың видеосын бөлісті (ВИДЕО)

Коллаж: Видеодан алынған кадр 

Танымал блогер, коуч Роза Әшірбаева бірнеше имамның еркектерді көп әйел мен тоқал алуға үгіттеген видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Коуч бөліскен видеода сақалды ер азаматтың «бірнеше әйел алу керек» деген тілек айтып тұрғанын анық көруге болады.

Желі қолданушылары имамдардың бұл әрекетін жаппай сынап тастаған. Олар түрлі пікірлерін жаудырып жатыр. Пікір қалдырушылардың арасында танымал әнші Алтынай Жорабаева да бар.