«Асфальтта пайда болған апанға Камаз түсіп кетті»: қала көшелері жаңбырға жарамсыз болып шықты

Истапалапа ауданында жер опырылып, соның салдарынан газдалған сусындар тиеген жүк көлігі түгелдей жер астына түсіп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бұл жағдай жайлы Sputnik Mundo хабарлады.

Жол жабындысының қирауынан 8 метр тереңдікте, 12 метрге жуық ұзындықтағы үлкен шұңқыр пайда болған. Қала әкімдігіне қарасты қызметкерлер мен Су ресурстарын басқару хатшылығы (SEGIAGUA) мамандары дереу оқиға орнына жетті, өйткені осы аймақта ауызсу жеткізетін маңызды желілер орналасқан. Зардап шеккендер жоқ.

Нөсер жаңбыр Алматы тұрғындарын да әбігерге салды. Қалада 10 балдық кептеліс орын алып, көшелерді су басты. Жол жөндеу кезінде жазалынбай, шала қалған шұңғырға көліктер түсіп кеткен.

2ГИС қосымшасының ақпаратына сәйкес, 19:20-дағы жағдай бойынша Алматы көшелеріндегі кептеліс 10 балға бағаланып отыр. Қаланың орталық көшелері мүлдем қозғалыссыз қалды.

«Эх, Алматы», «Қай бағыттарда кептеліс жоқ? Кім біледі?», «Бұл тек жаңбыр ғана, қар түссе не болады?», «Жаңбыр жауып еді, қала қозғалыссыз тұрып қалды», «Бұл мәселе қашан өз шешімін табар екен», «Жылдан жылға жағдай тек ушығып жатыр», «Қар түссе не болатынын ойлағым да келмейді», , — деп жазуда көлік жүргізушілері.

Оған қоса қалада бірқатар жол-көлік оқиғасы орын алған. Жүргізушілер Жол патрульдік полициясының қызметіне де көңілдері толған жоқ. Кептелісті реттеп, жаңбырда қинғалған жолаушыларды өткізіп жібергеннің орнына, полиция кептелісте машиналарына тығылып, одан қалса асыққан жүргізушілерді аңдыған.

Жолдың сапасыз салынуынан 13 көлік зақымданды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaq.Today ақпарат агенттігі (@qazaqtoday_)

Фото: zakon.kz