Биржада доллар тағы құбылды

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетелдік валюта нарығындағы сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,49 теңгеге арзандап, 539,54 теңге болды. Ұлттық банктің 16 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 541,18 теңге.

Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,14 теңгеден сатып алынып, 542,08 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 635,16–639,41 теңге аралығында, рубль 6,43-6,55 теңге шамасында.

Ал Астанада долларды 537,47 теңгеден сатып алып, 542,47 теңгеден сатып жатыр. Еуро — 632,44-640,44 теңге. Рубль бағамы — 6,40-6,60 теңге.

Шымкентте доллар 539,08 теңгеден сатып алынып, 542,08 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 632,96 – 637,88 теңге аралығында, рубль — 6,43 – 6,52 теңге.