Талғарда марқұм Шерзат Болат пен ағасына арнап жылдық ас берілді

Фото: Ulysmedia

Талғар қаласында марқұм Шерзат Болат пен оның ағасы Нұрғанатқа арналып жылдық ас өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл жөнінде адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

– Шерзат пен Нұрғанаттың жылдық асында айтқан сөздерім халыққа ой салса екен деймін. Апелляциялық соттағы пікірімнің негізгі мақсаты – мұндай қайғылы оқиғалардың қоғамға қандай салдар әкелетінін жеткізу еді. Шерзаттың тағдыры енді ешкімнің басынан қайталанбасын деп тілеймін, – деп жазды ол.