Махмұд Сабырхан бокстан Әлем чемпионы атанды

Фото: boxingkazakhstan

Отандасымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында үздік шықты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол 55 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте испаниялық Рафаэль Лозано Серраномен кездесіп, айқын басымдық танытты.

Бәсеке барысында Махмұд Сабырхан қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Осылайша, екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.