Санжар Тәшкенбай екі дүркін Әлем чемпионы атанды

Фото: boxingkazakhstan

Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде моңғолиялық Баттулга Алдаркишиді айқын басымдықпен жеңіп, өз мүмкіндігін толықтай дәлелдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Жекпе-жек барысында Санжар Тәшкенбай тактикалық тұрғыдан сауатты қимылдап, қарсыласынан басым түсті.

Нәтижесінде, Санжар Тәшкенбай өзінің екі дүркін Әлем чемпионы атағына қол жеткізді.