Қажылар мінген Toyota Hiace шағын автобусы кенеттен жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Сегіз адам оқиға орнында бірден көз жұмса, тағы екі адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен басқа жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Ішкі істер министрі бұл істі жеке бақылауына алды. Қазіргі таңда тергеушілер жүргізушінің әрекетін, көліктің техникалық жағдайын, тасымалдау бағыты мен шарттарын мұқият тексеріп жатыр.
Ішкі істер министрлігі әкімдікпен және басқа да мекемелермен бірлесіп, қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуде. Көмекке марқұмдардың денелерін туған өңірлеріне жеткізу, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесу, туыстарына қолдау көрсету және заңды, сақтандыру мәселелерін шешу кіреді.
Фото: Бекет-ата мешіті