Фото: gov.kz
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бағлан Бекбауов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.
Өмірбаяны
-
2006 ж. – жекеменшік компанияда бағдарламашы
-
2008–2016 жж. – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды
-
2016–2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры
-
2017–2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары
-
2021 ж. қаңтар–ақпан – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
-
2021 ж. – жекеменшік компанияның бас директоры
-
2021–2025 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі