Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Қазақ боксшысы Бекзат Нұрдәулетов Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Былғары қолғап шебері 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғамақ болған. Бекзат бұл кезеңде Грузия елінің өкілі Георгий Кушиташвилимен жұдырықтасты.
ҚР ҰОК мәліметінше, алғашқы үш минуттықта отандасымыз басым түсті. Дегенмен Грузия елінің боксшысы екінші және үшінші раундта басымдық танытып, 3:2 есебімен Нұрдәулетовты айқын жеңді.