Израиль Доханы бомбалады: әуе шабуылынан 6 адам қаза тапты

Фото: bbc.com

Израиль Дохаға шабуыл жасап, әлем жұртының наразылығына қалды. Жөйттер Катар астанасындағы ХАМАС-тың штаб-пәтеріне әуеден соққы жасаған, деп хабарлайды Qazaq.today сайты www.bbc.com сайтына сілтеме жасап.

ХАМАС тобы америкалықтардың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынылған жоспарын талқылау үшін жиналған еді. ХАМАС өкілдері соққы кезінде бүкіл ұйым басшылығы жиында отырғанын растады. Израильдің әуе соққысынан алты адам қаза тапқан. Олардың ішінде ХАМАС-тың Газа секторындағы жетекшісі Халиль әл-Хайяның ұлы – Хумам әл-Хайя да бар.

Дүйсенбі күні Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац егер ұйым тұтқындарды босатпай, қаруын тастамаса, Газа қирайтынын айтты.

Израильдік БАҚ-қа сөйлеген жоғары лауазымды шенеуніктің дерегінше, соққының басты мақсаты – қозғалыстың бас келіссөз жүргізушісі әрі саяси бюро басшысының орынбасары Халиль әл-Хайя болған.