Менің еңбегім кемінде 20 млн теңгеге татиды — Бақытжан Базарбек

Фото: Бақытжан Базарбектің жеке архивінен

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз жұмысын 20 миллион теңге көлемінде бағалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, бір палаталы Парламент еліміз үшін тиімді болады, себебі артықшылықтары көп.

Сонымен қатар депутат өзінің жалақысы кем дегенде 20 млн болуы қажет екенін атап өтті. Өйткені «сол соманы ақтайтындай еңбек етіп жүрмін» дейді ол.