Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.