Қазақстан үш жылдың ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек — Президент

Фото: видеодан скрин

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлу керегін айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл бағытта жүйелі әрі тиімді жұмыс жүргізу үшін арнайы министрлік қажет. Жаңа ведомство жасанды интеллектке байланысты барлық мәселелерді қадағалайды.

Тоқаевтың сөзінше, бұл министрлікті вице-премьер дәрежесіндегі тұлға басқаруы тиіс. Мұндай мәртебе елдегі технологиялық үдерістерді ең жоғарғы деңгейде үйлестіріп, заманауи шешімдерді тезірек енгізуге мүмкіндік береді.

Айта кетелік Бұл — Президенттің 8-ші Жолдауы. Мемлекет басшысы Жолдауларын жыл сайын қыркүйек айында, Парламенттің жаңа сессиясының ашылу рәсімінде жасап келді.