Фото: istockphoto.com
Сырым ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде жол құрылысы барысында бірқатар заңбұзушылық белгілі болды. Бұл заңсыздықтарға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол берген.
56 млн теңгеден астам залал келтірген
Тергеу материалдарына сәйкес, экс-басшы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 56 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Сот шешімі күшіне енді
Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Прокуратураның хабарлауынша, сот үкімі заңды күшіне енді.
