Фото: СДД
Дүбірді додада ел құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) грекиялық Панагита Кузилумен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Карина 2023 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018, 2022 жылдары қола жүлдегер атанса, 2022 жылы Азия чемпионы болды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Аида Әбікеева (65 келі) венгриялық Анна Луца Хаморимен қолғап түйістіреді.
Ол бұдан бұрын Сербияның Ниш қаласында әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.
Еліміздің әйелдер құрамасынан Элина Базарова (54 келі) алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Нигина Уктамоваға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.