Фото: kaztag.kz
Жеңіс Елемесов Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалына жауап берді.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистердің мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
– Бұрын хабарланғандай, сот өндірісінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде болған қылмыстық іс бар. Іс халықаралық тергеу тапсырмасына сәйкес тоқтатылды”, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы орынбасары Жеңіс Елемесов.
Журналистер сондай-ақ Нұрлан Нығматулиннің ұлының мәртебесі туралы сұрады.
– Әзірге куәгер ретінде қаралып жатыр. Біздің сұранымымызға қатысты жауап шетелден келген соң оның мәртебесі анықталады, – деді Жеңіс Елемесов.