Алматы облысында сұмдық қылмыс: екі әйел 16 жастағы қызды азаптап, бейнежазба арқылы ақша бопсалаған

Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысында 16 жастағы қызға қатысты жантүршігерлік қылмыс ашылды. Екі әйел жасөспірімді алдап әкетіп, қорлап, азаптап, бейнежазбаға түсірген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жәбірленушінің анасыны:
«Қызымды қаншама қорлағанын естігенде есімнен танып қала жаздадым. Олар ұрып-соғып, денесін күйдіріп, бейнежазбаға түсіріп, үш миллион теңге сұраған»

Тергеу дерегінше, күдіктілер жасөспірімді қол-аяғын сүйгізуге мәжбүрлеп, суға батырған. Кейін осы сәттердің бәрін бопсалау құралына айналдырып, ақша талап еткен.

Облыстық полиция департаменті:
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», –

Белгілі болғандай, қылмысқа қызғаныш себеп болған. Әйелдердің бірі жасөспірімнің жігітіне жазғанын біліп, өш алмақ болған.

Осы қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Құзырлы органдар бұл істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.