Фото: envanto.com
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін, 4 қыркүйекте, сағат 01:15-те Наурызбай ауданында болған.
«Subaru маркалы автокөліктің жүргізушісі Ташкент трактісі бойымен шығыс бағытта келе жатып, 1986 жылы туған ер адамды қағып кеткен. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен», – деді полицияда.
Алған жарақаттардың салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.
Қайғылы жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындалды.